Skip to content
Басты бет » Жаңалықтар » Орман өрті маусымына дайындық!

Орман өрті маусымына дайындық!

Облысымыз республикада орманы өте аз аймаққа жатады. Оның ішінде ормандардың біраз бөлігі құрылғанына көп бола қоймаған «Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесіне қарасты жерлерде орналасқан.Осынау ұрпақтан ұрпаққа аманат боп жалғасып келе жатқан көк майса орманымызды орманның басты жауы – өрттен қорғау үшін 2021 жылдың 20 ақпаны мен 20 наурыз аралығы өртке дайындық айлығы, ал 1 сәуір және 1 қараша айларының аралығы өрт қауіпі бар маусым болып бекітіледі. Осыған байланысты, өрт қауіпті маусымына дайындық айлығының іс-шара жоспарлары жасалып, осы іс-шара аясында бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр. Атап айтқанда: Өрттің алдын алу мақсатында «мемлекеттік ұлттық парктің ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлерінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің орындалуын қамтамасыз ету бойынша 2021 жылға арналған бірлескен өзара іс-қимыл әрекетінің жоспары» келісіліп, бекітілді. Осы жоспардың негізінде Сарқан филиалы Сарқан ауданы аумағындағы, Алакөл, Лепсі филиалы Алакөл ауданы мен жапсарлас орналасқан елді мекендер аумағындағы, төтенше жағдай комиссиясының төрағалары, ТЖ бөлімдері және өртке қарсы қызмет бөлімдерімен және сондай-ақ әкімдіктерімен «Орман-тоғай өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, орман өрттерін болдырмау, алдын алу және жою жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспары» жасалынды. Сонымен қатар, өрт қауіпті маусымына дайындық айлығында филиалдардың ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерімен шектесіп жатқан 31 елді-мекендер мен 104 шаруа қожалықтарымен орман өрттерінің алдын-алу, бірлесіп сөндіру жөнінде жоспарлар жасалынды, сондай-ақ, ауыл әкімшіліктерімен, жергілікті тұрғындармен құрылған ерікті өрт сөндіру командаларына азаматтардан жасақталды. Филиалдарда мемлекеттік инспекторларға өрт сөндіру жұмыстарын ұйымдастырудағы техника қауіпсіздігі жөнінде нұсқама өткізілді және филиалдардың қызметкеріне «Өрт қауіпсіздігі саласында» келісім шарт бойынша арнайы мамандармен сабақ өткізіліді. Мемлекеттік ұлттық табиғи паркке қарасты ОӨСС-ғы орман өртіне қарсы техникалар жөндеуден өткізілді, сонымен қатар қажетті өрт сөндіру құралдарымен толықтырылды. Филиалдарда ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлеріне автокөлік тұратын уақытша тұрақтар, демалатын, от жағатын, темекі шегетін орындар және су алатын орындары белгіленіп, өрт қалқаншалары мен аншлагтарға жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, үгіт-насихат жұмыстары бойынша басылымдарда мақалалар жарияланды және мемлекеттік ұлттық табиғи парк бойынша жергілікті ауыл тұрғындарымен, мектептермен және ұжымдармен лекциялар өткізіліп, оған тыңдаушылар қатысты. Қатысушыларға және ЕҚТА жеріне келушілерге табиғатты қорғау, орманды өрттен сақтау жөнінде ескертулер мен үн-парақтар таратылуда. Мемлекттік парктің мемлекеттік инспекторларына оқу-семинар сабақтарын өткізіліп, білімдері пысықталды. Орман өрттерінің алдын алу мақсатында атқарылатын іс-шаралар жалғасын таба бермек. Орманы жайқалған, өзені арқыраған әсем табиғатта демалуға қызықпайтын адам жоқ шығар. Алайда, сол табиғатымызды жанды күйінде сақтап қалу үшін, оны болашақ ұрпаққа аманат етіп табыстау үшін, өрттен абай болайық ағайын!

С. Ержанов

«Жоңғар Алтауы МҰТП»РММ Орманды қорғау және сақтау инженері

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған