Ағымдағы жылы 25 шілде күні «Жоңғар-Алатауы МҰТП» экологиялық ағарту және эколог- инженер мамандары Сарқан қаласының тұрғындарына табиғатымызды қоқыс қалдықтарымен ластамау туралы үгіт-насихат жүргізіп, үн-парақтар таратты.
Іс-шараның мақсаты – қала тұрғындары және әсем табиғатымызды тамашалауға келген келушілер назарына табиғат аясына шыққан кезде тазалықты сақтауға шақыру, арнайы көрсетілген қоқыс тастау орындарына қоқыс қалдықтарын тастау, ауаның ластануын азайту, болашақ ұрпақ үшін табиғатты сақтау.