Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы – еліміздің бірегей биологиялық әртүрлілігін сақтап қалу мақсатына ортақтасқан бүкіл республикамыздағы ондаған мамандар мен энтузиастардың ғылыми еңбегінің нәтижесі.
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы I-томы жануарлардың қазіргі таралуы, саны, биологиялық ерекшеліктері, сонымен қатар оларды қорғау үшін қабылданған және қабылдауға ұсынылатын мәліметтерді қамтиды.
2021 жылғы түгендеу жұмыстары бойынша Жоңғар Алатауы МҰТП аумағында сүтқоректілердің 49 түрі, құстардың 170 түрі, омыртқасыздардың 661 түрі кездеседі. Соның ішінде Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген сүтқоректілердің 6 түрі, құстардың 13 түрі, омыртқасыздардың 7 түрі енгізілген.
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабының II-томы – Қазақстан Республикасының өсімдік әлемінде жойылу қаупі бар және сирек кездесетін өсімдіктердің таралып өсуі, биологиялық өзгешеліктері, саны және осы өсімдіктерді сақтап қалудағы шаралар туралы мәлімет жинақтарынан тұратын ресми құжат.
Өсімдіктердің әр түрі тірі табиғаттың дамуындағы белгілі бір кезеңге жатады және экожүйеде тарихи дамуына сәйкес орын алады. Жасыл өсімдіктер – Жер шарындағы тіршіліктің бастау көзі және негізі. Сондықтан бүкіл өсімдіктерді сақтау, өсімдік қорларын ыждағатпен пайдалану, барлық тіршілікті сақтаудың негізін қалайды.
Жоңғар Алатауы МҰТП аумағында таралған өсімдіктердің таксономиялық тізімі 845 түрді құрайды. Оның ішінде Қазақстанның Қызыл кітабына енген сирек түрлердің саны 26 түр.
Жоңғар Алатауы МҰТП аумағында кездесетін сүтқоректілердің
Қызыл Кітапқа енген түрлерінің тізімі
№ | Сүтқоректілердің атаулары | Латынша атаулары | Таксонның Авторы | Статус ХТҚО | Суреті |
---|---|---|---|---|---|
1 | Түркістан сілеусіні | Lynx lynx Isabellinus | Linnaeus, 1758 | LC | |
2 | Сабаншы | Felis | Pallas, 1776 | NT | |
3 | Қар барысы | Uncia uncia Schreber | Schreber, 1775 | EN | |
4 | Тас сусар | Martes foina | Erxleben, 1777 | LC | |
5 | Тянь – шань қоңыр аюы | Ursus arctos isabellinus | Linnaeus, 1758 | EN | |
6 | Тянь – шань арқары | Ovis ammon karelini | Severtzov, 1873 | NT |
Жоңғар Алатауы МҰТП аумағында кездесетін құстардың
Қызыл Кітапқа енген түрлерінің тізімі
№ | Қазақша атауы | Латынша атауы | Суреті |
---|---|---|---|
1 | Қара дегелек | Ciconia nigra | |
2 | Сақалтай | Gypaеtus barbatus | |
3 | Тазқара | Aegypius monachus | |
4 | Құмай | Gyps himalayesis | |
5 | Бүркіт | Aquila chrysaеtus | |
6 | Бақалтақ қыран | Hieraaеtus pennatа | |
7 | Лашын | Falco peregrinus | |
8 | Ителігі | Falco cherrug | |
9 | Қаршығарең жапалақ | Surnia ulula | |
10 | Орақтұмсық | Ibidorhyncha struthersii | |
11 | Үкі | Bubo bubo | |
12 | Джек | Chlamydotis undalata | |
13 | Аққұйрықты субүркіт | Haliaeetus albicilla |
Жоңғар Алатауы МҰТП аумағында кездесетін омыртқасыздардың
Қызыл Кітапқа енген түрлерінің тізімі
№ | Түр атауы | Латынша атауы |
---|---|---|
1 | Туркомилакс Цветкова | Turcomilax tzvetkovi Licharev et Wiktor, 1980 |
2 | Красотка девушка | Calopteryx virgo Linnaeus, 1758 |
3 | Польская кошениль | Porphyrophora polonica Linnaeus, 1758 |
4 | Chilocorus bipustulatus Linnaeus, 1758 | |
5 | Stethorus pusillus Herbst, 1797 | |
6 | Голубянка Татьяна | Otnjukovia tatjana Zhdanko, 1984 |
7 | Сколия волосатая | Scolia hirta Schrank, 1781 |
Жоңғар Алатауы МҰТП аумағында таралған
Қазақстан Республикасының
Қызыл кітабына енген өсімдік тізімі
№ | Өсімдік атауы | Өсімдік тұқымдастығы | Статус |
---|---|---|---|
1 | Недзвецкий алмасы – Malus niedzwetzkyana Dieck. | Rosaceae Juss. –Раушангүлділер | І категория. Жойылу қаупі төнген реликт түр |
2 | Виталий шөмішгүлі – Aquilegia vitalii Gamajun. | Ranuncаlaceae Juss. – Сарғалдақтар | ІІ категория. Сирек кездесетін түр. |
3 | Кавказ таудағаны – Celtis caucasica Wild | Celtidaceae Link – Таудағандар | ІІ категория. Сирек түр. |
4 | Алатау бәйшешегі – Crocus alatavicus Regel et Sem. | Iridaceae Juss. – Құрқашаштар | ІІ категория. Сирек кездесетін түр. |
5 | Мүшкетов түйесіңірі – Atraphaxis mushketovii Krassn. | Polygonaceae Juss. – Тарандар | ІІ категория. Сирек түр. |
6 | Жоңғар көкгүлі – Gentiana dshungarica regel | Gentianaceaea – Көкгүлділер | ІІ категория. Сирек түр |
7 | Құстұмсық таспашөбі – Astragalus ornithorrhibchus M.Pop. | Fabaceae Lindl. – Бұршақ | ІІ категория. Сирек кездесетін түр |
8 | Қопал таспасы – Astragalus kopalensis Lipsky | Fabaceae Lindl. – Бұршақ | ІІ категория. Сирек кездесетін түр |
9 | Жоңғарлық тұтасжапырақ – Halophyllum dshyngaricum N.Bubtz. | Rutaceae Juss. – Рутовые | ІІ категория. Сирек кездесетін түр |
10 | Ярослав сүттігені – Euphorbia jaroslavii P. Pol. | Euphorbiaceae Juss. – Сүттігендер | ІІ категория. Сирек түр |
11 | Киікшөп бөденешөп – Veronica serpylloides Regel | Scrophulariaceae Juss. – Сабынкөктер | ІІ категория. Өте сирек кездесетін, шектеулі эндемик түр |
12 | Қызылтіл зиягүл – Senecio pyroglossus Kar.et Kir. | Asteraceae Dumort (Compositae) – Күрделігүлділер | ІІ категория. Сирек кездесетін, таралуы шектеулі түр |
13 | Орамалы шұбаршөп – Saussurea Involucrata (Kar.Et Kir.) Sch. Bip. | Asteraceae Dumort (Compositae) – Күрделігүлділер | ІІ категория. Сирек кездесетін түр |
14 | Семенов айдаршөбі – Corydalis semenovii Regel | Fumariaceae Juss. – Дымянковые | ІІ категория. Сирек реликт түр |
15 | Бұйра лалагүл – Lilium martagon L. | Liliaceae – Лалагүлділер | ІІ категория. Сирек түр. |
16 | Баймұр секпілгүл – Fritillaria pallidiflora Schrenk | Liliaceae – Лалагүлділер | ІІ категория. Сирек түр. |
17 | Қысқааталықты қызғалдақ – Tulipa brachystemon Regel | Liliaceae – Лалагүлділер | ІІ категория. Сирек, шектеулі эндемик түр |
18 | Мақсыр маралтамыр –Rhaponticum carthamoides (Willd.) Iljin | Asteraceae Dumort (Compositae) –Сложноцветные | ІІІ категория. Саны азайған түр |
19 | Жатаған қызғалдақ – Tulipa patens Agardh ex Schult et Schult fil | Liliaceae – Лалагүлділер | ІІІ категория. Сирек, саны азайған түр |
20 | Виттрок рауғашы – Rheum wittrokii Lundstr. | Polygonaceae Juss. – Тарандар | ІІІ категория. Саны кеміп жатқан түр |
21 | Жылтыр жанаргүл – Adonis chrysocyathus Hook | Ranuncаlaceae Juss. – Сарғалдақтар | ІІІ категория. Саны азайып жатқан, сирек кездесетін түр. |
22 | Тянь-шань жанаргүлі – Adonis tianschanica Lipsch. (Adonis tianschanicus Lipsch) | Ranuncаlaceae Juss. – Сарғалдақтар | ІІІ категория. Саны азайып жатқан, сирек кездесетін түр. |
23 | Қызғылт семізот – Rhodiola rosea L. | Crassulaceae DC – Жасаңшөптер | ІІІ категория. Саны қысқарған, құнды дәрілік өсімдік |
24 | Сиверс алмасы – Malus sieversii (Ledeb.) M. Roem. | RosaceaeJuss. – Раушангүлділер | ІІІ категория. Саны азайған түр |
25 | Алтай гимноспериумы – Gymnospermium altaicum Pall. Spach (Leontice altanica Pall) | Berberidaceae Juss. – Бөріқарақаттар | IV категория. Анықталмаған түр |
26 | Мәригүл таушымылдық – Paeonia anomala L. | Paeoniaceae Rudolphi – Сәндегүлдер | IV категория. Анықталмаған түр |
Adonis tianschanica Lipsch. (Adonis tianschanicus Lipsch)
Crocus alatavicus Regel et Sem.
Aquilegia vitalii Gamajun.
Fritillaria pallidiflora Schrenk
Rhaponticum carthamoides (Willd.) Iljin
Paeonia anomala L.
Senecio pyroglossus Kar.et Kir.
Rheum wittrokii Lundstr.
Tulipa brachystemon Regel
Saussurea Involucrata (Kar.Et Kir.) Sch. Bip.