2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 27-5-6/253 бұйрығына 17-қосымша |
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі ұсынатын қызметтер үшін тарифтердің мөлшері
Ескерту. 17-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Төрағасының 10.10.2022 № 27-5/252-НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
р/с № | Ұсынылатын қызметтердің атауы | Қызметтер үшін тарифтер (теңге) |
1 | 2 | 3 |
1 | Аумақтарды санитариялық тазарту және абаттандыру бойынша қызметтер, жеке тұлғаларға бір адамға бір күнге шаққанда: 1) ересек азаматтар; 2) студенттер; 3) мектеп жасындағы балалар; 4) мүгедектігі бар адамдар және мектеп жасына дейінгі балалар үшін | 500 375 250 0 |
2 | Мыналарды ұсыну: 1) шатырлы лагерьлер (2 және 3 орынды, жеткізусіз), тәулігіне шаққанда; 2) шатырлы лагерьлерді орналастыру үшін орын, бір шаршы метрі бір күнге шаққанда | 500 1050 |
3 | Көлікке арналған тұрақтар ұсыну, бір орынға тәулігіне шаққанда | 400 |
4 | Мемлекеттік табиғи-қорық қоры, табиғи және тарихи-мәдени мұра объектілерінде болу және оларды зерделеу кезінде мынадай қызметтер ұсыну, он бес адамға дейінгі бір топқа күніне: 1) аудармашы; 2) экскурсия жүргізуші; 3) жолсерік-инспектор | 4000 4626 2500 |
5 | Қонақ үйлер, мотельдер, туристік базалар орналастыру үшін орындар ұсыну, бір айға бір гектарға шаққанда | 6004 |
6 | Көлік (трактор) қызметтерін ұсыну, бір сағатқа шаққанда | 3200 |
7 | Жүк көтергіштігі 6 тоннадан аспайтын көлік (жүк автомобилі) қызметін ұсыну, бір километр қашықтыққа шаққанда | 125 |
8 | Жүк көтергіштігі 4,5 тоннадан аспайтын жүк автомобилінің көлік қызметін ұсыну, бір километр қашықтыққа шаққанда | 100 |
9 | Көлік қызметтерін ұсыну, бір сағатқа шаққанда: 1) шағын автобус (11 орынды); 2) мініс жануарлары | 3000 600 |
10 | Табиғи-қорық қоры, табиғи және мәдени мұра объектілерінде, табиғат мұражайлары мен жанды мүйістерде болу және оларды зерделеу кезінде кино, бейне және фото таспаларына түсiруді (кәсіби түсірілімдерді) жүргізу, бір күнге: 1) кино, бейне; 2) фото | 50074 22000 |
11 | Қонақүй номерлерін ұсыну, бір адамға тәулігіне шаққанда: 1) жайлы жабдықсыз номерлер; 2) жайлы жабдықталған номерлер | 2000 5500 |
12 | Мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектілер ұсыну: 1) монша бір адамға бір сағатқа шаққанда; 2) хауыз бір адамға бір сағатқа шаққанда; 3) киіз үй бір күнге шаққанда | 654 500 15000 |
13 | Туристік құрал-жабдықтар ұсыну: 1) велосипед бір адамға бір сағатқа шаққанда; 2) қайық, катамаран бір сағатқа шаққанда; 3) жатын қаптар (жеткізусіз), бір адамға тәулігіне | 800 1000 500 |
14 | Қоғамдық тамақтандыру, сауда объектілерін немесе оларды орналастыру орындарын ұсыну, бір шаршы метр алаңға тәулігіне шаққанда | 72 |
15 | Ерекше қорғалатын табиғи аумақта құбыр тарту, электр және байланыс желілерін орналастыру, жолдар (жалпы пайдаланылатын жолдардан басқа) салу жөнінде қызметтер ұсыну, айына бір метрге шаққанда | 15 |
16 | Өтімділігі жоғары көлік қызметтерін ұсыну, бір сағатқа шаққанда: 1) УАЗ автомобилі (8 орынды) 2) Нива автомобилі | 3500 2500 |