Кәдімгі тиін (лат. Sciurus vulgaris), түсі ақшыл сұр не жирен, үлпілдек, қалың жүнді, құйрығы ұзын, құлағында шашағы болады. «Жоңғар-Алатауы МҰТП» аумағының Үлкен Басқан, Кіші Басқан, Баянбай, Ақшұнақ, Көкжота, Осиновая шатқалдарында кездеседі. Ұясын ағаш басына кейде кеуегіне не жартас жарығына салады.Тиін тұрғылықты аң, бірақ қорегі қылқан жапырақты ағаштардың тұқымы тапшы болса , кейбір жылдары жаппай қоныс аударуы мүмкін. Қысқа қор жинайды, жылына 2 рет балалайды. 2024 жылдың қысқы санағы бойынша 187 тиін есепке алынды.
✍🏼 «Жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молайту» бөлімі