Жоңғар Алатауы ұлттық табиғи парк аумағында қар жамылғысының биіктігін күнделікті бақылау үшін қар өлшегіш рельстер қолданылады. Қар өлшеуіш алаңдар орманда, ашық жерде орналасқан. Таулы аймақтарда алаңдар әртүрлі биіктікте орналасқан, жұмыстың күрделілігіне байланысты қар жамылғысының биіктігін тұрақты тік профильдерде өлшеуге болады. Алдын ала тазартылған әрбір учаскеде күзден бастап үш тұрақты қар өлшегіш рельс орнатылады.
Қысқы қар жамылғысы – су қорын толықтырады, дақылдардың қыстау жағдайларын, топырақтың қату тереңдігін, ондағы температураның таралуын анықтайды.
Қар жамылғысын бақылау жұмыстарын және қар жамылғысының сипатын, жауған қардың биіктігі мен тығыздығын мемлекеттік инспекторлар анықтайды, ол пайда болған сәттен бастап, метео алан ауданынан қар жамылғысы толық және барлық жерде жоғалып кеткен сәтке дейін жүргізіледі.
Ғылым бөлімі, ғылыми қызметкер: Балтабеков К.К.