Skip to content
Басты бет » Жаңалықтар » 30 Сәуірде «Жоңғар-Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің құрылғанына 14 жыл толды

30 Сәуірде «Жоңғар-Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің құрылғанына 14 жыл толды

📍«Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің №370 қаулысы бойынша 2010 жылы 30 сәуірінде құрылған. Жоңғар Алатауы МҰТП әкімшілік тұрғыдан алғанда Алматы облысының Ақсу, Алакөл және Сарқан аудандарын қамтиды, жалпы жер көлемі 356022 га.
🖇️Парк құрамында Сарқан, Лепсі, Алакөл филиалдары мен Лепсі, Тоқты мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қаумалдары орналасқан.
Жоңғар Алатауы МҰТП экологиялық, мәдени-тарихи және эстетикалық құндылығы жоғары табиғи таулы ландшафттарды өз қалпында сақтап қалу мақсатында құрылған. Табиғи парктің басты мақсаты – Жетісу Алатауының орталық аймағының солтүстік тау беткейлерінің экожүйесін сақтап қалу, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу мен өзгерген экожүйені қалпына келтіру.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған