Skip to content
Басты бет » Жаңалықтар » «ЭКО-ауыл сақшылары» атты экологиялық форум-сайыс өткізілді

«ЭКО-ауыл сақшылары» атты экологиялық форум-сайыс өткізілді

23.04.24 ж. Жетісу облысы Сарқан ауданы Жетісу орта мектебінде мектептің тәрбие жөніндегі орынбасары Л. А. Алыбаевамен “Парктер шеруі – 2024” халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында “ЭКО -ауыл сақшылары” атты экологиялық форум-сайыс өтті. Мектеп директоры К. Кильчабаев табиғатты қорғау маңыздылығына тоқталып, сайысшыларға сәттілік тілеп , жобаларымен таныстыруды ұсынды. 9-сынып оқушылары “Сұлу табиғат”, 8- сынып -“Қасірет”, 7-сынып -“Үнемшіл”, 6-сынып – “Ұлттық тәлім -тәрбие” экологиялық жобаларын ұсынып, белсене қорғай білді. Форумның қонақтары “Жоңғар -Алатауы МҰПТ” экологиялық ағарту инженерлері ұлттық парктің жұмыс бағыттарымен түсіндірмелі жұмыстарын жүргізді. Соңында барлық қатысушы сыныптарды және сынып жетекшілерін “Алғыс хаттарымен” марапаттады. ЭКО -форумның жүргізушілері 10-сыныптың білім алушылары Саттыбай Ш., Шаяхмет І.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған