Skip to content
Басты бет » Жаңалықтар » Құстарға қамқор болайық!

Құстарға қамқор болайық!

«Жоңғар Алатауы» ұлттық табиғи парк аумағында құстардың 170 түрі таралған. Солардың ішінде 138 түрі ұя салатын отырықшы құстар, қалған 32 түрі көшіп қонушы құстар. Ұлттық парк аумағында қыстайтын құстар көптеп кездеседі, олар торғайлардың бірнеше түрі жауторғай, тас торғайы, қылаң торғайы, сексеуіл торғайы. Сонымен қатар көгершіндер мен шымшықтарды да кездестіруге болады. Қыстың аязында құстардың табиғи жемі көбінесе қол жетімсіз болады: жәндіктер жасырынып, тұқымдар мен жидектер қар қабатының астында жасырылады, ал суықта құстарға тіршілік ету үшін көбірек тамақ қажет. Парк қызметкерлері қараша айынан бастап құстарға азық орындарын орнатып (кормушки), қосымша азық беруді әдетке айналдырған.
Әрбір тағам құстарға пайдалы емес екенін есте ұстаған жөн. Құстардың көпшілігі жем мен күнбағыс тұқымын қалайтынын байқадық.

Құстарды тағы немен тамақтандыруға болады?
✓Жаңғақтар (аршылған немесе жарылған)
✓Жержаңғақ (қуырылмаған)
✓Тары
Құстарды немен тамақтандыруға болмайды?
✓Қуырылған, бүлінген және көгерген күнбағыс тұқымдары мен дәнді қоспалар
✓Қуырылған, тұзды және тәтті жаңғақтар
✓ Ас дастарханындағы тағамдардың қалдықтары.
Ілінген науалардан құстардың азықтанғанын көрудің өзі көз қуантады, жанға жылу береді.

Ғылым бөлімі
Ғылыми қызметкер Қожағұл Б.Н.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған