ҚР Президентінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі жолдаудың VII – бөлімінде «Экология және биологиялық әркелкілікі қорғау» бойынша бес жыл ішінде орман алқабында 2 миллиардттан астам ағаш отырғызу жұмыстарын жүзеге асыру туралы баяндаған. Осыған орай «Жоңғар -Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ қызметкерлері 2022 жылы 3 мың кг қара сексеуіл тұқымын жинап, тазарту жұмыстарын жүргізді. Өңделген тұқымдардың сапалылығын және санатын анықтау үшін сараптамаға жіберілді.