Қазан айының үшінші жексенбісі орман және жануарлар дүниесін қорғап-сақтауға, молайтуға өз үлесін қосып жүрген қызметкерлердің «Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні» кәсіби мерекесі аталып өтеді.
Құрметті орман шаруашылығы қызметкерлері!
Сіздерді бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Елдің басты байлығының бірі саналатын орман шаруашылығының экологиялық және экономикалық маңызы зор. Бұл мереке осы салада қажырлы еңбек етіп жүрген мамандардың адал еңбегіне деген құрметті қалыптастырады.
Сіздердің ел байлығын еселеуде атқарып отырған еңбектеріңіз, еліміздің дамуына қосып отырған үлестеріңіз –жас ұрпаққа үлгі.