Skip to content
Басты бет » Жаңалықтар » Экологиялық экскурсиялар өткізілді

Экологиялық экскурсиялар өткізілді

3 – 10 маусым күндері «Жоңғар-Алатауы» МҰТП” экологиялық ағарту инженерлері “Парктер шеруі” табиғатты қорғау акциясы аясында, сондай-ақ Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Ашық есік күні ұйымдастырды. Іс-шара барысында ұлттық парктің табиғат мұражайына экологиялық экскурсиялар, дәрістер, кездесулер өткізілді. Экскурсияларға Абай атындағы орта мектеп-гимназияның 1-2 сынып оқушылары, №1 орта мектеп-гимназияның 2-4 сынып оқушылары, Н.Островский атындағы орта мектептің 2-4 сынып оқушылары, Қойлық орта мектептің 4-6 сынып оқушылары, Көкөзек орта мектептің 5-6 сынып оқушылары, Жетісу орта мектептің 2-4 сынып оқушылары қатысты. Экскурсияның мақсаты – мектеп оқушыларын ұлттық парктің негізгі мақсаты, жұмыс бағыттары, туристік маршруттары және табиғат мұражайымен таныстыру. Экскурсия барысында мектеп оқушылары ұлттық паркте өсетін өсімдік түрлері, мекендейтін жануарлар мен табиғи, тарихи-мәдени жерлері туралы ақпарат алды. Қатысушылардың саны – 330 оқушы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған