Skip to content
Басты бет » Жаңалықтар » “Табиғат- тал бесігін”атты шығармашылық байқауы өткізілді

“Табиғат- тал бесігін”атты шығармашылық байқауы өткізілді

“Парктер шеруі-2024”табиғатты қорғау акциясы аясында 24 мамыр күні Ақжар ауылдық мәдениет үйінде “Жоңғар Алатауы МҰТП” РММ Алакөл филиалының ұйымдастыруымен “Табиғат- тал бесігін”атты шығармашылық байқауы өткізілді. Байқауға Қабанбай ауылындағы О.Молдағожин, М.Жумабаев атындағы мектеп оқушылары, Екпінді ауылының М.Әубәкіров атындағы орта мектебінің оқушылары және Шынжылы ауылының негізгі орта мектеп оқушылары мен Ақжар ауылының орта мектеп оқушылары қатысты. Байқаудың негізгі мақсаттары мен міндеттері: Табиғатты аялауға және қорғауға бағытталған экологиялық тәрбиені сіңіру ; Бұл шығармашылық жұмыстар қоғамдық құндылықтарды насихаттап, таза табиғаттың қалыптасуын көздейді; Жастар арасында табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттыру. Байқау барысында оқушылар бірнеше номинациялар бойынша қатысып, бақ сынады. Атап айтар болсақ ақындық, өнер, сурет салу, қолөнер, ұлттық би т.б. Осынау байқауға әділ қазылар қатысты.Олар:1. Алакөл аудандық мәслихат депутаты, Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектептің тарих, география пәнінің мұғалімі Даутбаева Салтанат Ғапбасқызы; 2. М.Әубәкіров атындағы орта мектебінің қазақ тілі, әдебиет пәнінің мұғалімі Шотанбекова Менкамал Ашимханқызы; 3. Ақжар орта мектебінің технология пән мұғалімі Нугуманов Нұржан Бағдатұлы; 4.”Жоңғар Алатауы МҰТП” РММ Алакөл филиалының Көкжар орманшылығының орман шебері Икимбаева Виктория Букарбекқызы; қатысушылардың өнерлеріне баға беріп, мақтау қағазымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Қатысқан адам саны: 40

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған