Skip to content
Басты бет » Жаңалықтар » “Сиверс алма ағашының гүлдеуі” ақпараттық тур өткізілді

“Сиверс алма ағашының гүлдеуі” ақпараттық тур өткізілді

2024 жылдың 4 мамыр күні “Жоңғар-Алатауы МҰТП” Жетісу облысының VIZIT ZHETYSU туристік ақпараттық орталығымен бірлесіп “Сиверс алма ағашының гүлдеуі” атты ақпараттық тур өткізіліп, 70 адам қатысты. Ақпараттық тур ұлттық парктің № 3 «Ғылыми-танымдық тур» туристік маршруты бойынша алмалардың арғы атасы – Сиверс алма ағашының табиғи жабайы түрде өсетін ормандар алқаптарымен экскурсия өтті.
“Сиверс алма ағашының гүлдеуі” атты ақпараттық турдың өткізудегі басты мақсаты – Сиверс алмасы бүкіләлемдік маңызы бар жабайы жеміс ретінде Халықаралық Қызыл кітапқа және санының азаюына орай Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген. Жабайы жемісті ормандардың бірегей әртүрлілігін сақтау және қалпына келтіруді қамтамасыз ету үшін ерекше қорғауды талап етеді.
Әлемдік маңызы бар бірегей гендік қордың көзі болып табылатын жабайы жеміс орман алқаптарын сақтайық!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған