Skip to content
Басты бет » Жаңалықтар » Қар барысы

Қар барысы

«Жоңғар Алатауы МҰТП» РММ аумағындағы барыстардың экологиялық жағдайы» тақырыбы бойынша 2016 жылдан бастап парк аумағында ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіліп келеді.
Ғылыми зерттеу бағдарламасының мақсаты барыстардың таралу ареалын анықтау, парк аумағындағы нақты санын есепке алу, тұрақты мониторингтік бақылаулар жүргізу, табиғи ортадағы маусымдық құбылыстарын анықтау және қорғау шараларын күшейту.
2016-2023 жылдары аралығында парк аумағында барыстар мекендейтін аумақтар анықталып фототұзақтар құрылды. Фототұзаққа түскен барыстардың жасы, жынысы, теңбілдері сәйкестендіріле отырып парк аумағындағы саны анықталды. 2016-2023 жылдар аралығындағы ғылыми зерттеу бағдарламасының нәтижесінде қазіргі таңда парк аумағында 25-28 қар барысы мекендейді деп тұжырымдалды.

✍️Жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молайту бөлімі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған