🌱23.04.2024 ж. «Жоңғар-Алатауы МҰТП» экологиялық ағарту инженерлері Сарқан ауданының Пограничник ауылының Жетісу орта мектебінің ұстаздарымен бірлесіп «Парктер шеруі-2024» халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында «ЭКО-ауыл сақшылары» атты экологиялық форум-сайыс өткізді. 🌱Іс-шараның мақсаты: ойлау қабілетін, жалпы дүниетанымын, ғылыми көзқарасын дамыта отырып, өз елінің қамын ойлайтын, табиғат байлығын көз қарашығындай қорғайтын азамат болуға тәрбиелеу. Форум-сайыс барысында 9-сынып оқушылары «Сұлу табиғат», 8-сынып оқушылары «Қасірет», 7-сынып оқушылары «Үнемшіл», 6-сынып оқушылары «Ұлттық тәлім-тәрбие» атты экологиялық жобаларын ұсынып, өзекті мәселелерді қозғады. 🌱Сонымен қатар, білім алушылар ұлттық парктің жұмыс бағыттарымен таныстырылды. Қатысушылардың саны —40 оқушы.