Skip to content
Басты бет » Жаңалықтар » Бүгін – Қазақстандағы ғылым қызметкерлерінің күні

Бүгін – Қазақстандағы ғылым қызметкерлерінің күні

Күнтізбедегі бұл дата кездейсоқ таңдалмағаны белгілі. 12 сәуір – Ғылым академиясының тұңғыш Президенті, көрнекті ғалым-геолог Қаныш Сәтбаевтың дүниеге келген күні.
Қазақтан шыққан тұңғыш академиктің ғылым саласында жолын қуған ізбасарлары аз емес. Біз ғылымның дамуына зор үлес қосып келе жатқан ғалымдарымызды мақтан тұтамыз.

Еліміздің әр саласында қызмет етіп жүрген құрметті ғылым қызметкерлері!
Сіздерді шын жүректен кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Атқарып жатқан қажырлы еңбектеріңіз, тың бастамаларыңыз бен жобаларыңыз, батыл идеяларыңыз бен бірегей зерттеулеріңіз үшін алғыс айтамыз.
Осы мереке күні сіздерге жаңа ғылыми жаңалықтар мен жетістіктер, табыс, зор денсаулық және отбасылық амандық тілейміз!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған