28 және 29 наурыз аралығында Бейжіңде Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының ашылуы аясында Туризм және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен маңызды іс-шаралар өтті. Қазақстан делегациясы қатарында министрлік, облыстық басқармалар, туристік бизнес, спорт пен өнер саласының өкілдері қатысты. Жылдың ресми ашылуы халықаралық туризм мен инвестицияларға арналған форумнан басталып алғашқы болып құтықтау сөзі ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевке беріліп, жалғасын Қазақстан көрмесі мен этно-ауылдағы мәдени іс-шаралардан тапты. Облыстық басқарма, туристік орталық, ұлттық табиғи парктерінен құралған Жетісу облысының делегациясының көшін бастаған кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы – Бақытнұр Бақытұлы, көрменің мәртебелі қонақтарына Жер жәннаты – Жетісудың туристік әлеуеті мен шексіз инвестициялық мүмкіншіліктерін, бай табиғи және тарихи мәдениетімен таныстырып, қатысушылардың ерекше ризашылығы мен ықыласына ие болды. Жетісу облысының стендінде жиналған қауым, өңірімізді баяндайтын ақпараттық материалдар, кәдесый өнімдері мен туристік нысандар жайлы бейнероликтері, табиғи ұлттық саябақтардың туристік маршруттары және соқпақтары жайлы толыққанды ақпарат алды.
Жалғасында, 29 наурызда Қазақстан туризмі жылы ресми ашылуының гала-концерті Бейжіңдегі China National Opera House опера театрында өтті. Салтанатты кеште отандық әртістер халқымыздың мәдениеті мен өнерін үлкен қауымға паш етті. Қытай сахнасында Роза Рымбаева, Майра Мұхамедқызы, Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының «Күреңбел» триосы, Зарина Алтынбаева, «Ұлытау» тобы, «Сазген сазы», Әли Оқапов, Рухия Байдүкенова мен Ақбике Алғи сияқты өнер майталмандары көрермендерді өз өнерімен тәнті етті. Әншілеріміз қытай халқына құрмет ретінде оларды ұлттық әндерін де шырқады. Қонақтар қытайлық әртістердің де өнерін тамашалады. Оған қоса, жиналған қауым Астана балет, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театр ұжымдарының би мен хор өнеріне куә болды. Гала-концертпен бірге Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының ашылу салтанаты да өз мәресіне жетті.