Skip to content
Басты бет » Жаңалықтар » Көктем жаршылары

Көктем жаршылары

Көктемнің алғашқы күндері қар ери бастаған кезде, қар қабатын ерте көктемде гүлдейтін өсімдіктер алмастырып жер бетін құлпырта түседі. Өздері сондай нәзік болса да суық түндерден қорықпай далаға керемет әсем көрініс беретін құдіретке ие. Олар Қазжуалар, бәйшешектер, балшатырлар. Алатау бәйшешегі – Crocus alatavicus Regel et Schmalh. – Шафран алатавский ҚР Қызыл кітабына енген ІІ категориялы сирек кездесетін өсімдік. Парк аумағында тау бөктерлерінде, ірі қиыршық тасты, ұсақ топырақты және сазды беткейлерде кеңінен таралған, сонымен қатар қорғау аймақтарында өседі. Парк аумағынан тыс жергілікті елді мекендер маңында да кеңінен таралған.
✍️ Аға ғылыми қызметкер Ж. Нургожанова

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған