Skip to content
Басты бет » Жаңалықтар » Ғылыми техникалық кеңес өтті

Ғылыми техникалық кеңес өтті

Бүгін, яғни 19 наурызында ұлттық парктің ҒТК жоспары бойынша кезекті Ғылыми техникалық кеңесі өтті. Ғылыми техникалық кеңесінде:
1. 2021-2025 жылдар аралығында орындалатын тақырыптық ғылыми-зерттеу тақырыптары:
– «Жоңғар Алатауы МҰТП аумағындағы мысықтар тұқымдасының экологиялық жағдайы»;
– «Жоңғар Алатауы» МҰТП аумағындағы Тянь Шань қоңыр аюының қазіргі уақыттағы таралу аумағы мен саны»;
– «Жоңғар Алатауы» МҰТП аумағында таралған жәндіктердің түгенделуі»;

– «Жоңғар Алатауы» МҰТП флорасына түгендеу жүргізу және сирек кездесетін және жойылу қаупі бар өсімдік түрлері популяциясының жағдайын зерттеу» бойынша аралық-жылдық есептері қаралды.
2. «Жоңғар Алатауы» МҰТП-нің шектеулі шаруашылық аумағында орманды жанама пайдаланудағы жайылымдар туралы ақпарат берілді.
Ғылыми зерттеу тақырыптары бойынша аралық жылдық есебін ғылым бөлімінің қызметкерлері баяндады, есеп беру кезінде атқарылған іс-шаралары презентация арқылы көрсетілді. ҒТК мүшелері тарапынан қойылған сұрақтарына өз бейіндері бойынша жауаптар берілді.
Келесі мәселе «Жоңғар Алатауы» МҰТП-нің шектеулі шаруашылық аумағында орманды жанама пайдаланудағы жайылымдар туралы ақпаратты бөлім басшысы Т.Ахуанов берді. Осы тақырып өте өзекті болғандықтан барынша талқыланды, пікірлер оңтайлы шешу жолында мамандардың пікірлері тыңдалды, шешім қабылданды.
Кеңестегі барлық мәселелер бойынша қаулы қабылданды, нақты айтсақ ғылыми зерттеу тақырыптарының аралық жылдық есептері мақұлданып уәкілетті органдарға жіберілуі қарастырылды, ал орманды жанама пайдалану жайылым туралы мәселені: ғылыми зерттеу тақырыбының орындаушысы мен оның жетекшісін анықтап, ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес құжаттарды дайындау тапсырылды.
“Ғылым” бөлімі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған