Skip to content
Басты бет » Жаңалықтар » 19 наурыз – Жаңару күні

19 наурыз – Жаңару күні

“Жоңғар-Алатауы МҰТП” РММ Алакөл филиалының қызметкерлері және Қабанбай ауылдық қітапхана қызметкерлерінің қатысуымен 19 наурыз — Жаңару күніне орай “Ақ бата – асыл мұра” атты бата сайысы өткізілді. Бата беру – адал ниет тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. “Батамен ел көгерер- жаңбырмен жер көгерер” деп халқымыз бекер айтпаған. Қазақ халқының кез келген мейрамы ақ тілек пен батасыз өтпейді. Бата сайысқа қатысқандар: 1. Биікбаев Жолдасхан, 2.Жумабаев Сейтхан, 3. Ракишев Мирзоян, 4. Қуанышұлы Қуандық.
⚜️Сайыста Наурызнама күндері туралы сұрақтар қойылып, баталар айтылды. Сайысты қорыта келе бас жүлдені ұлттық парк қызметкері Қуанышұлы Қуандық алып, бірінші орынға ие болған Биікбаев Жолдасхан атамыз алды. Мақтау қағаздармен марапатталып, сыйлықтарын алды.
#алакөлфилиалы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған