Skip to content
Басты бет » Жаңалықтар » 21 ақпан — Дүниежүзілік экскурсовод күні

21 ақпан – Дүниежүзілік экскурсовод күні

Бұл күн 1990 жылдан бастап экскурсоводтардың халықаралық федерациясы ресми түрде бекіткен болатын.
Экскурсовод – экскурсияның айнасы . Ол келушілермен  тез тіл табыса біліп, өз ойын анық жеткізе білуі керек. Экскурсоводтардың жұмысы тарихи, мәдени құндылықтарды насихаттап адамдардың бойына бір рухани қозғалыс, рухани байлық қалдыра алатын қабілетке ие маман иесі.

Ата –бабадан қалған құнды мұраларымызды, жәдігерлерді сонымен қатар тарихи маңызы бар өлкелеріміздің экскурсиялық нысандарының тарихы мен маңыздылық мағлұматтарын жетік меңгеретін әрқашан ізденісте жүретін маман ол экскурсовод. Экскурсияның негізгі бөлігі экспозиция, экскурсиялық нысандар, археологиялық тарихи тағылымын түсіндіру, адамдар жалықпайтындай жаттандылықпен емес, әрдайым ізденіс, зерттеу жүргізу мен қоса тәжірибе алмасу конференциялар және практикалық түрде географиялық тарихи ақпараттарын арттырып отыру керек.
Бүгін де мынау келіп жеткен барша экскурсиялық қызметте жүрген қызметкерлерді дүниежүзілік экскурсовод күнімен құттықтай отырып, Сіздерге қанаттарыңыз талмасын, талаптарыныз артсын, әрқашан келген туристерге өлкеміздің тарихы мен мәдени мұрамызды жаңашылдықпен тамсандырып, жүректеріне киелі тауларымыздың тарихы мен толқытатын ақпараттарымыз көп болсын!
Экскурсоводтар күні құтты болсын!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған