Skip to content
Басты бет » Жаңалықтар » Туған күніңізбен құттықтаймыз!

Туған күніңізбен құттықтаймыз!

Данияр Ғалымұлы!
Туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Сізге ақ ниетпен мықты денсаулық, қажымас күш-қайрат, ортаймас несібе-дәулет тілейміз.

Бойыңыздағы адалдық пен ізгілік, мемлекеттік қызмет саласындағы тынымсыз еңбегіңіз бен мақсатқа берік қасиеттеріңіздің арқасында бүгінде абыроймен ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағаның міндетін атқарып отырсыз. Ұжымдастарыңыз Сізді білікті басшы, іскер ұйымдастырушы, жарқын бастамалардың қолдаушысы ретінде ерекше бағалап, құрметтейді.
Еңбекте толағай табыстарға, биік шыңдарға жете беріңіз, табысыңыз бен абырой-беделіңіз арта берсін. Әрдайым отбасыңыз аман, жүзіңіз жарқын, мерейіңіз үстем болсын!
Құрметпен, Жоңғар Алатауы МҰТП ұжымы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған