Skip to content
Басты бет » Жаңалықтар » Дәріс сабақ өткізілді

Дәріс сабақ өткізілді

18.01.2024 жылы «Жоңғар-Алатауы» МҰТП экологиялық ағарту инженерлері Абай атындағы мектеп-гимназиясында 6 сынып оқушыларына экологиялық дәріс- сабақ өткізді.
✍️Рекреация, экологиялық ағарту және туризм бөлімі.
Сабақтың мақсаты: Туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, экологиялық білімді қалыптастыру, туған жерге табиғатты қорғауға баулу.
Дәріс барысында “Жоңғар-Алатауы МҰТП” табиғи, мәдени-тарихи жерлерімен танысып, ұлттық парк туралы бейнематериал көрсетілді. Инженер-эколог маманы “Қоқыстың түрлері” тақырыбында жалпы мағлұмат берді.
Барлық оқушылар белсенді қатысып, ұлттық парк туралы жаңа мәліметтер алды.
Қатысушылардың саны — 70 оқушы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған