![](https://zhongaralataugnpp.kz/wp-content/uploads/2023/12/ebdfc85e-43cc-436d-9828-f4ae09ff8da2-1024x768.jpg)
2023 жылы 12-14 желтоқсанда Алматы, Астана, Шымкент, Түркістан қалаларында “VISIT ZHETYSU” туристік ақпараттық орталығы ұйымдастырған Қазақстан қалалары бойынша ZHETYSU ROAD SHOW іс-шарасы өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты-Жетісу облысының туристік нысандарымен таныстыру, сондай-ақ бірлескен жобалар жасап, ынтымақтастықты дамыту және тәжірибе алмасу мақсатында облысымыздың туристік нысан өкілдерін Қазақстанның туризм саласының өкілдерімен таныстыру.
![](https://zhongaralataugnpp.kz/wp-content/uploads/2023/12/b5496996-ece8-425a-9b45-a3db2681fe29.jpg)
![](https://zhongaralataugnpp.kz/wp-content/uploads/2023/12/337bf18d-4c27-48f6-9617-923b4ff2c829.jpg)
Шара барысында Жетісу облысының ұлттық парк өкілдері, облысымыздың ірі және танымал демалыс үйлері мен туристік нысан өкілдері мен туроператорлар туристік нысан өкілдеріне баяндама жасап, презентация көрсетті.
Іс-шара соңында тегін сертификаттар ойнатылып, В2В кездесу сессиясы өтті.
![](https://zhongaralataugnpp.kz/wp-content/uploads/2023/12/6e6d543a-f74b-490a-a64f-03a078a18e46.jpg)
![](https://zhongaralataugnpp.kz/wp-content/uploads/2023/12/whatsapp-image-2023-12-19-at-12.24.17-768x1024.jpeg)