Skip to content
Басты бет » Жаңалықтар » ZHETYSU ROAD SHOW іс-шарасы өткізілді

ZHETYSU ROAD SHOW іс-шарасы өткізілді

2023 жылы 19-20 желтоқсанда Өскемен қаласында “VISIT ZHETYSU” туристік ақпараттық орталығы ұйымдастырған Қазақстан қалалары бойынша ZHETYSU ROAD SHOW іс-шарасы өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты-Жетісу облысының туристік нысандарымен таныстыру, сондай-ақ бірлескен жобалар жасап, ынтымақтастықты дамыту және тәжірибе алмасу мақсатында облысымыздың туристік нысан өкілдерін Қазақстанның туризм саласының өкілдерімен таныстыру.
Шара барысында Жетісу облысының ұлттық парк өкілдері, облысымыздың ірі және танымал демалыс үйлері мен туристік нысан өкілдері мен туроператорлар туристік нысан өкілдеріне баяндама жасап, презентация көрсетті.
Іс-шара соңында тегін сертификаттар ойнатылып, В2В кездесу сессиясы өтті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған