Skip to content
Басты бет » Жаңалықтар » «Қылқан жапырақты жас ағаштарды қорғау» жөнінде жұмыстар күшейтілді

«Қылқан жапырақты жас ағаштарды қорғау» жөнінде жұмыстар күшейтілді

     Жаңа жыл қарсаңында орман шаруашылығы қызметкерлері «Қылқан жапырақты  жас ағаштарды  қорғау»  жөнінде жұмысты күшейтуде. «Жоңғар-Алатауы» МҰТП  аумағында қорғау іс-шаралары  2023 жылғы 21 қарашадағы №218-Ө бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

Қылқан жапырақты  жас ағаштарды заңсыз кесу фактілерін болдырмау және анықтау мақсатында «Жоңғар-Алатауы» МҰТП  мемлекеттік инспекторлары кешенді іс-шаралар әзірледі, оның ішінде: жергілікті тұрғындар мен елді мекен  арасында тұрақты ақпараттық үгіт насихат жұмыстары, ҚР ҰҚК ІІМ және ШҚ қызметкерлерімен  бірлесіп тәулік бойы жедел кезекшілік  ұйымдастырылуда. Сондай-ақ,  паркте 5 рейдтік мобильдік топ құрылды, мемлекеттік орман қоры аумағында 5 стационарлық бекет орнатылып, патрульдеу маршруттары мен кестелері әзірленді.  

      Жергілікті тұрғындармен 34 әңгіме өткізіліп, жергілікті және Республикалық маңызы бар газеттерде «Қылқан жапырақты жас ағаштарды қорғау» тақырыбында 18 мақала жарияланды. 

      ҚР Үкіметінің  22 қыркүйектің 2023 года № 265 қаулысымен ҚР орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық ставкалар бекітілген. Жаңа жыл қарсаңында (қараша-желтоқсан) қылқан жапырақты тұқымдастарды жою немесе зақымдағаны үшін келтірілген залал мөлшерін өтеу 1 дана үшін 15,0 АЕК құрайды (51 750 тг). Сонымен қатар, ағаштар мен бұталарды заңсыз кескені, жойғаны немесе бүлдіргені үшін құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 381-1 бабының 3- тармағы заңсыз кесілген ағаштар мен бұталар, көрсетілген бұзушылықтарды жасау құралы болған бұзушының көлік құралдары және өзге де заттары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға 150 АЕК, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 450 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 600 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 1500 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
          Қылқан жапырақты ағаштардың жас талдарын заңсыз кескені үшін ҚР Қылмыстық Кодексінің 340-бабына 3 тармағының 5 тармақшасына сәйкес жауапкершілік көзделеді, соның нәтижесінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасаған бұзушылық жасаған тұлғағаның мүлкі тәркіленіп, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымды атқару немесе білгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айрылады немесе 3000 мың АЕК айыппұл салуға не сол мөлшерде түзету жұмыстарына, не 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатынын ескертеміз.
     Құрметті аудан тұрғындары жасыл желек шыршаларын қорғау басты парызымыз екенін ұмытпайық!!!
Шыршаларды заңсыз кесу фактісі байқалған жағдайда, «Жоңғар – Алатауы МҰТП» РММ 8(72839) 2-12-01, 2-24-41, +777 239 15 24, +7701 398 00 04 телефондары бойынша хабарлауды сұрайды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған