Skip to content
Басты бет » Жаңалықтар » Туған күніңізбен құттықтаймыз!

Туған күніңізбен құттықтаймыз!

Құрметті Марат Нұрғазыұлы!

Сіздің бүгінгі қуанышты сәтіңіз – туған күніңіз құтты болсын!
Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде адал жұмыс атқарып, білген біліміңіз бен жинаған тәжірибеңізді жас мамандарға үйретіп, ауданның жастарын мемлекеттік мекемеде қызмет істеуіне жол аштыңыз.
Өзіңізбен бірге еңбек еткен ұжымдастарыңыздың айтатын алғысы шексіз. Алдағы өміріңізде адамның барында бағаланбайтын ерен еңбегіңіздің жемісін көріңіз. Еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беріңіз, абырой-беделіңіз бен табыс-тартуларыңыз арта берсін. Әрдайым отбасыңыз аман, жүзіңіз жарқын, мерейіңіз үстем болсын!
Құрметпен «Жоңғар Алатауы» МҰТП ұжымы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған