Skip to content
Басты бет » Жаңалықтар » Дәріс сабақ жүргізілді

Дәріс сабақ жүргізілді

2023 жылдың 24 қараша күні «Жоңғар-Алатауы» МҰТП рекреация, экологиялық ағарту және туризм бөлімінің мамандары Ақсу ауданының Ж.Сыдықов атындағы орта мектебі, Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп-гимназиясы, Е.Сиқымов атындағы орта мектептерінде 8-11 сынып оқушыларына «Жоңғар-Алатауы» МҰТП табиғи, мәдени-тарихи жерлері атты тақырыбына экологиялық дәріс сабақ жүргізді.
Сабақ барысында оқушылар «Жоңғар -Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің құрылуы, мақсаты мен жұмыс бағыттарымен танысып, ұлттық парк туралы фото, бейнематериал көрді. Барлық оқушылар сабаққа белсенді қатысып, өз пікірлерімен бөлісті.
Қатысушылардың саны – 150 оқушы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған