Skip to content
Басты бет » Жаңалықтар » «Жоңғар Алатауы мемлекетік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі аумағында жанама орман пайдалану бойынша мемлекеттік қызмет көрсету түрлері мен тәртібі

«Жоңғар Алатауы мемлекетік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі аумағында жанама орман пайдалану бойынша мемлекеттік қызмет көрсету түрлері мен тәртібі

«Жоңғар Алатауы» МҰТП РММ -сінде, 2023 жылдан бастап жанама пайдалану қызметі бойынша орман билеттерін жазып беру «Е-лицензиялау» электрондық порталына көшірілді.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 18-02/405 «Мемлекеттік орман қоры аумағында орманды жанама пайдалану қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес мемлекеттік орман қоры учаскелерінде келесі жанама орман пайдаланудың түрлері жүргізіледі:  марал өсіру, аң өсіру,ара ұялары мен омарталар орналастыру, көкөніс өсіру, бақша өсіру, бақ өсіру және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру, дәрілік өсімдіктер мен техникалық шикізат, жабайы жемістер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер және басқа да азықтық өнімдер, мүк, орман төсеніші және жерге түскен жапырақтар, қамыс дайындау және жинау, шөп шабу мен мал жаю.
Мемлекеттiк орман қорының шөп шабуға және мал жаюға болатын учаскелерiн ЕҚТА орман орналастыру жобаларына сәйкес мемлекеттiк орман иеленушiлер белгiлейдi.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылғы 12 қазандағы № 18-02/909 «МОҚ учаскілерінде шөп шабу мен мал жаю» қағидасына сәйкес шөп шабу және мал жаю үшін мемлекеттік орман қорының құрамына енетін шектеулі шаруашылық аймағында орналасқан осы мақсатқа жарамды ауыл шаруашылығы жерлерінің алқаптары бөлінеді, сондай-ақ алаңқайлар және орман көмкермеген алқаптар учаскелері пайдаланылады.
МОҚ учаскілерінде орман ресурстарын пайдалануға орман билеті негізінде 1 жылға дейінгі мерзімге беріледі.  
Мал жаюға рұқсат берілген жер аумағы көлемі жалпы 58425 га
МОҚ жерлерінде таулы аймақтарда 1 бас мал жаю нормасы
–          Ұсақ мал – 0,75-1,5 га
–          Ірі қара – 0,75-1,5 га
–          Жылқы – 1 га
Ерекше қорғалатын табиғи аймақтарда болғаны үшін  1 адамға (мал бағушы) орман пайдалануға берілген жер теліміне мемлекеттік кірістер басқармасына  ҚР Салық Кодексінің 591 бабы 1 тармақшасына сәйкес, күніне 0,1 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) төленеді және орманды пайдалану үшін жергілікті облыстық маслихатының шешімі бойынша орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемдері белгіленеді.
Туындаған барлық сұрақтар бойынша төмендегі нөмірлерге хабарласа аласыздар:
8 /72839/ 21201
8 /72839/ 22425
 
«Табиғи қорық қорын қорғау және қалпына келтіру» бөлімі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған