Skip to content
Басты бет » Жаңалықтар » Республика күніне арналған іс-шара өтті

Республика күніне арналған іс-шара өтті

Бүгін, 24 қазан күні ұлттық парктің мәжіліс залында Республика күніне арналған іс-шара өтті.
1990 жылғы 25 қазан-Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігіне батыл қадам жасалған күн.
Осы уақыттан бастап Республика күні мемлекеттік деңгейде аталып өтіледі. 2009 жылы тиісті заңға өзгеріс енгізіліп, Республика күні мен мемлекеттік мерекелер тізімінен шығарылды.
2022 жылғы Ұлттық құрылтайдың отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесі негізінде,парламент заң қабылдады. 2022 жылдан бастап 25 қазан Республика күні ретінде белгіленіп, ұлттық мереке мәртебесі берілді.
Он үш жылдан кейін мәртебесі қайтарылған ұлық мереке қарсаңында ұлттық парктің бас директоры М. Кабиев ұлттық парк қызметкерлерін мерекемен құттықтады. Еңбегімен ерекшеленген сала қызметкерлерін алғыс хаттармен марапаттап, сонымен қатар Орман шаруашылығы қызметкерлері күні қарсаңында берілген «Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің» төс белгілерімен алғыс хаттарын ұлттық парк қызметкерлеріне табыстады.
Татулық пен тұрақтылықты ту еткен,
Егемен еліміздің еңсесі биік болсын!
Бүгінгі мерекелік күнде еліміз өркендеп, жайнап, ынтымағымыз ажырамай, бірлігіміз арта берсін!
Мереке құтты болсын!
Республика күні құтты болсын!
«Ғылым» бөлімі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған