Skip to content
Басты бет » Жаңалықтар » #менорманшымын #ялесник

#менорманшымын #ялесник

Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде ұзақ жылдан бері үздіксіз қызмет жасап келе жатқан мамандардың бірі Игембаев Саят Байғасымұлы. Өзінің еңбек жолын 1983 жылдың 1-ші қыркүйегінен бастап Алакөл , Сарқан орман шаруашылығы мекемелері, Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде: орманшы көмекшісі, орманшы, орман шаруашылығы саласындағы инженерлік лауазымдар, директор орынбасары, бас орманшы, бас директордың ғылым жөніндегі орынбасары, ғылым бөлімінің басшысы, қазір осы ғылым бөлімінде қызмет атқаруда, бүгін осы мекемеде үздіксіз қызмет атқарып келе жатқанына тура 40 жыл толды. Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің құрылуына өзіндік қолтаңбасын қалдырып, өз жұмысына жауапкершілікпен қарап, қажырлы тынымсыз еңбегін осы паркке, ғылымға, ізденіске арнап келеді.
Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі туған өлке өсімдіктеріне терең үңіліп, аянбай тер төгіп жүрген осы саладағы маманның еңбегі ескерусіз қалмады. Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің дамуы жолында аянбай еңбек етіп, өзінің білімі мен біліктілігімен талмай ізденіс, таудай талпыныс, темірдей шыдамдылық, сенімді жауапкершілік және өз жұмысына деген сүйіспеншілік, ормандарды қорғауда, биологиялық әртүрлілікті сақтауда және көбейтуде қол жеткізген табыстары үшін, орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында белсенді ынтымақтастық жасағаны, қоршаған орта саласының жақсаруына үлес қосқаны үшін Қазақстан Республикасының «Ерен еңбегі үшін» медальмен, «Еңбек сіңірген орман өсіруші» құрметті атағымен наградталған; Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі Комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
#менорманшымын #ялесник

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған