Skip to content
Басты бет » Жаңалықтар » #менорманшымын #ялесник

#менорманшымын #ялесник

Ата жолын жалғаған Бақтияровтар әулеті

Жетісу облысы Алакөл ауданына белгілі орманшылардың әулеті Бақтияровтар әулеті.
Бүгінде табиғатты қорғау қызметкері «Жоңғар – Алатауы» МҰТП бас маманы, Лепсі филиалының директоры Бақтияров Тауфик Ахманбекұлы.
1983 жылдан бері өз қызметінде туған өлкенің табиғатын үздіксіз қорғап келеді. Сондай-ақ 1953-2004 жылдар аралығында орман шаруашылығы саласында еңбек еткен әкесі Бахтияров Ахманбек сияқты.
Қазіргі таңда Тауфик Ахманбекұлының туған інісі Рафик Ахманбекұлы мен ұлы Ринат Ахманбекұлы да қызмет атқарады.
Тауфик Ахманбекұлы еңбек жолын 1983 жылдың наурыз айынан
Лепсі орман шаруашылығында жұмысшы қызметінен бастап, орманшы қорықшыға дейін, содан кейін директордың орынбасары , 2014 жылдан Лепсі филиалының директоры болып тағайындалды.
Інісі – Рафик Ахманбекұлы 2003 жылдан бүгінгі күнге дейін орман шаруашылығында еңбек етіп келеді. Қазіргі таңда тұқымбақ шебері қызметін атқаруда. Ұлы – Ринат Тауфикұлы еңбек жолын 2005 жылы бастап, орман қорғау инженері қызметін жалғастыруда. Рафиктің зайыбы Гүлмира да ұзақ жылдар орман шаруашылығында орман шебері болып еңбек етіп келеді.
Ринат Тауфиковичтің зайыбы Русалина да жұмыс істейді.
Тауфик Ахманбекұлы өз ісін жетік білетін жан. Оның орман шаруашылығы мекемесіне қарасты тұқымбағы үлгілі «Орман тұқымбағы» болды.
#менорманшымын#ялесник

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған