Skip to content
Басты бет » Жаңалықтар » #менорманшымын #ялесник

#менорманшымын #ялесник

Орман алқаптарын қорғау мен оны өсіру, күтіп-баптау қызметі оңай емес. Бұл жұмыстарды орманшылардың абыройымен атқарып жүргенін атап өткен жөн.
Алдағы «Орманшылар күні» қарсаңында мақаламызға арқау болған Ткачев Николай Ильич туралы жазуды жөн санадық. Кейіпкеріміз «Жоңғар-Алатауы МҰТП» РММ-де «Табиғи қорық қорын қорғау және қалпына келтіру» бөлімінің бас маманы қызметін атқарады. Мінезі де’ табиғатпен біте қайнасқан, адамды бірден баурап алатын, өзінің мамандығына өте адал жан. Орман шаруашылығы саласында 42 жыл жұмыс істейді.
Ол Лениногор орман техникумын бітіріп, өзінің еңбек жолын 1982 жылы Сарқан орман шаруашылығында механизацияланған жеміс-жидек орман шаруашылығы, орман күтуші-қорышы қызметінен бастаған.
1985 жылы бөлімнің технигі қызметі лауазымынан
1988 жылы ағаш дайындау басқарма шебері қызметіне ауыстырылып, 1991 жылы бригадир болып қызмет етті.
1993 жылы бөлім басшысы, одан бас аңтанушы болып, 2000 жылы «Орман және жануарлар дүниесін қорғау» маманы қызметін атқарды.
2007 жылы «Сарқан орман шаруашылығы» мемлекеттік мекемесінде, аңшытанушы болып жұмыс атқарса, 2010-2014 жылдар аралығында «Жоңғар-Алатауы МҰТП» Сарқан филиалында табиғатты қорғау инженері болды. 2014 жылдан бүгінгі күнге дейін «Жоңғар-Алатауы МҰТП» «Табиғи қорық қорын қорғау және қалпына келтіру» бөлімінің бас маманы лауазымында қызмет атқарады.
Жетісу өңірінде жүріп сымбатына тіл жетпейтін орман тоғайдағы әр талды сәбидей мәпелеп өсіріп, аң-құсын аялап, қорғап отырған орманшылардың еңбегін қалай мадақтасақ та артық емес.
#менорманшымын #ялесник

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған