Skip to content
Басты бет » Жаңалықтар » Гидтер мен экскурсоводтарды дайындаудың 64 сағаттық курсы бойынша сабақ өткізілді

Гидтер мен экскурсоводтарды дайындаудың 64 сағаттық курсы бойынша сабақ өткізілді

2023 жылдың қазан айының 12-15 күндері аралығында Жетісу облысы Текелі қаласының «Славянский двор» қонақ үйінің конференция залында, Жетісу облысы туризм басқармасының ұйымдастыруымен «Гидтер мен экскурсоводтарды дайындаудың 64 сағаттық курсы бойынша сабақ өткізілді. Курс оқытушылары болып, доцент Халықаралық гидтер қауымдастығының мүшесі, 1 санатты гид, музей экскурсияның сарапшысы, Қазақстанның басты көрікті жерлеріне экскурсиялық және тақырыптық семинарларды әзірлеуші Майра Жұмағалиқызы Рахимбекова мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің «Рекреациялық география және туризм» кафедрасының доценті, география ғылымдарының докторы Шолпан Тұрсынбайқызы Абдреева жүргізді. Аталмыш оқыту курсына
Жоңғар-Алатауы мемлекеттік табиғи паркінің рекреация, экологиялық ағарту және туризм бөлімінің мамандары:Муханов Н,Сагындыкова В, Атабаева М болып білімдерін жетілдіріп қайтты. Сонымен қатар, Облыстық және ЕҚТА-тың туризм мамандары, Текелі қаласының колледж студенттері, еріктілер қатысты. Оқыту сабақ төңірегінде қатысушыларға √«Экскурсиялық қызмет және гид қызметі саласындағы ұлттық стандарттары», √«Терминдер мен анықтамалары», √«Экскурсиялық қызметте қойылатын талаптары, міндеттемелері, оның қауіпсіздігі ережелері», √«Экскурсиялық қызметті орындаудың бағалау және сапасын бақылауы», √«Жаңа экскурсияны дайындау технологиясы», √«Экскурсия жетекшілерін дайындаудың халықаралық тәжірибесі» туралы т.б тақырыптарда мағлұматтар айтылды. Оқу соңында әрбір қатысушы «Жаңа экскурсиялар дайындау технологиясы» бойынша тақырып алып, алған білімдерін ортаға салып оқытушылар алдында қорғай біліп, Жетісу облыстық туризм басқармасының өкілдері қолдарынан сертификаттар табыс етілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған