Skip to content
Басты бет » Жаңалықтар » «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!»

«Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!»

Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді, ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді.
Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды көптеген әртүрлі шаралар ұйымдастырылып жүзеге асырылып жатыр.
Сыбайлас жемқорлық тек құқық бұзушылық емес. Бұл мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді төмендетеді және ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатер төндіреді. Сондықтан мемлекет пен қоғам сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірігіп, әрекет етуі керек.
Ағымдағы жылдың қазан айының 31 күні «Жоңғар Алатауы» МҰТП -ң рекреация және экологиялық ағарту және туризм бөлімінің мамандары «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» тақырыбына ұлттық парк қызметкерлерімен әңгіме жүргізіп, парақша таратты.
✍🏼Рекреация, экологиялыық ағарту және туризм бөлімі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған