Skip to content
Басты бет » Жаңалықтар » Дала қыраны

Дала қыраны

Дала қыраны (бүркіттен кіші, шамамен қарақұс сияқты, қанатының жайылуы 2 м дейін, салмағы – 2.5-3 кг, кейде 4.5 кг дейін), қауырсынының түсі күңгірт қоңыр ала. Қанаттары күңгірттеу, алдыңғы сермеу түптері ақшылдау, олар ұшқан кезде жақсы байқалады. Ересек құстың желкесінде жирен дақ бар, бірақ басы бүркіт пен қарақұсқа қарағанда, көбіне күңгірттеу болып көрінеді. Құйрығы қаралау, ақшыл көлденең жолақшалары бар. Негізінен саршұнақтармен және басқа да кеміргіштермен қоректенеді. Далаларда және Еуразияның бүкіл солтүстік шөлдерінде таралған. Қазақстанда бүкіл далалық және шөлейтті аймақта мекендейді. Ұясын жартастың шығыңқы жеріне немесе төбелердің етегіне, жазық жерлерде – жай ғана жерде салады. 1-3 теңбіл жұмыртқа салады. Балапандары ұяда
60 күн болады.
Дала қыраны “Жоңғар-Алатауы МҰТП” аумағындағы Сарыбөктер, Жолымбет, Байс, Арқанкерген шатқалдарында мекендейді.

Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған