Skip to content
Басты бет » Жаңалықтар » Ғылыми-теориялық семинар өткізілді

Ғылыми-теориялық семинар өткізілді

Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде ҚР ҰҒА академигі Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайреткері А.Ж.Жанғалиевтің 110 жылдығына арналған ғылыми-теориялық семинар өтті.
Семинар ұлттық парктің бас директоры Марат Нұрғазыұлының алғы сөзімен бастау алып, А.Жанғалиевтің Қазақстандағы жабайы жеміс ағаштарының биоалуантүрлілігін сақтап қалуда өлшеусіз үлес қосқаны жайлы еңбектерін бағалауға арналды.
Ғылыми-теориялық семинар барысында:
– А.Ж. Жанғалиевтің ғылыми жолдары, «Жоңғар Алатауы» мемлекеттік ұлттық паркі аумағында атқарылған жұмыстары;
– «Жоңғар Алатауы» мемлекеттік ұлттық паркінің аумағында жабайы жемісті орман алқабында атқарылып жатқан іс-шаралары мен жетістіктері;
– «Жоңғар Алатауы» мемлекеттік ұлттық табаиғи паркінің генетикалық резерваттарда жүргізіліп жатқан мониторинг жұмыстарының анализі туралы баяндамалар оқылып, соңында «А.Ж.Жанғалиевтің «Жоңғар Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында жабайы жемісті орман алқабында атқарылған іс-шаралары» туралы видеоролик көрсетілді.
✍️«Ғылым» бөлімі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған