Skip to content
Басты бет » Жаңалықтар » «Жоңғар Алатауы» МҰТП ғылыми басылымдары

«Жоңғар Алатауы» МҰТП ғылыми басылымдары

Жоңғар Алатауы МҰТП-нде 2023 жылдың 1-ші тоқсанында ғылым бөлімінің ғылым мамандарымен (Қасымханова Т.Қ.,ҚурмантаеваА.А. және Игембаев С.Б.) құрастырылған:
«Чужеродные растения во флоре Жонгар Алатауского ГНПП», «Растения нуждающиеся в охране» атты 2 ғылыми публикациялары басылымға шығарылуы жоспарланған.
«Чужеродные растения во флоре Жонгар Алатауского ГНПП»:
Бұл басылымда соңғы 50-60 жылда Жоңғар-Алатауы МҰТП-ның табиғи экожүйелеріне енгізілген бөтентұқымдас түрлердің таралуы, экологиялық орайластырылуы туралы шолу мен мәліметтер келтірілген, одан әрі зерттеудің маңыздылығы негізделеді, Жоңғар-Алатауы МҰТП флорасының бөтен элементіне сипаттама беріледі.
«Растения нуждающиеся в охране»:
Кітапта ұлттық паркте сирек кездесетін, эндемик, реликті өсімдіктердің тізімі, қысқаша сипаттамасы, табиғатты қорғау стусты, олардың жай-күйі, таралуы туралы мәліметтер, сондай-ақ иллюстрациялар әртүрлілік, таралу ерекшеліктері туралы толық түсінік береді және саябақтың флорасы мен өсімдіктерін қорғаудың жаңа шараларын әзірлеу үшін материал болады. Орман және табиғатты қорғау мекемелерінің қызметкерлері мен табиғат әуесқойлары үшін арналан ғылыми басылым болып табылады.
✍️📷 «Ғылым» бөлімі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған