Skip to content
Басты бет » Жаңалықтар » «Е-лицензиялау» порталында «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік қызметтеріне электрондық түрде өтінім беру!

«Е-лицензиялау» порталында «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік қызметтеріне электрондық түрде өтінім беру!

«Жоңғар Алатауы» МҰТП РММ, 2023 жылдан бастап жанама пайдалануға орман билеттерін жазу бойынша қызметтер «Е-лицензиялау» электрондық порталына ауыстырылғанын еске салады.
Өтінімді «Қоршаған ортаны қорғау»-«Орман және ағаш кесу билеттерін беру» қызметтерінің санаттары бойынша «Е – лицензиялау» порталында кілт ЭЦҚ арқылы беруге болады.

КБК-105313 (ЕҚТА-да болғаны үшін) коды бойынша орман пайдалану учаскесі жататын ауданның бюджетіне салық төлегені туралы түбіртек болған кезде, ҚР Салық кодексінің 591-бабы 1-тармағының негізінде ЕҚТА-да болған әрбір күн үшін (ерекше қорғалатын табиғи аумақ) 0,1 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) 345 теңге төленеді (бір адамға бір күнде), Алматы облыстық мәслихатының 2018 жылғы 25 шілдедегі №34-175 шешімі негізінде мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін төлемақы ставкасына сәйкес КБК-105304 (орман пайдаланғаны үшін төлемақы) коды бойынша, жануарлар түрлері бойынша 1 бас үшін төлемақы:

  1. Ірі қара мал – 135 тг
  2. Ірі қара төлі – 68 тг
  3. Жылқы – 180 тг
  4. Қой – 34 тг
  5. Омарта орналастыру – 257 тг 1 дана.
    Жоғарыда көрсетілген салық басқармасына орман пайдалануға төленген ақының түбіртегі бар болған жағдайда өтінімді ЭЦҚ кілті арқылы енгізіп беруге болады.
    МОҚ жерлерінде таулы аймақтарда 1 бас мал жаюға бекітілген жер аумағының нормасы: ірі қара, қой – 0,75-1,5 га, жылқы – 1 га.
    Жоғарыда көрсетілген ақпарат мәселелері бойынша орман пайдаланушылардан мекемеге жүгінуді немесе жанама пайдалану үшін бос жер учаскелерін одан әрі нақтылау және орман пайдалану көлемі бойынша ақы төлеу үшін, есептеу үшін төменде көрсетілген байланыстар бойынша хабарласуды сұраймыз .
    Байланыс нөмірлері: 8(72839)2 24 25, +77081892443 Гүлім

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.