Skip to content
Басты бет » Жаңалықтар » Ғылыми-техникалық кеңес отырысы өтті

Ғылыми-техникалық кеңес отырысы өтті

«Жоңғар Алатауы» МҰТП бас кеңсесінде кезекті Ғылыми-техникалық кеңес отырысын өткізді.
Күн тәртібінде:

  1. Ұлттық парктің ҒТК мүшелерінің құрамы туралы.
  2. – «Қорғауға қажет ететін өсімдіктер» (анықтамалық) (Құрмантаева А. А., Қасымханова Т.К.)
  • «Жоңғар-Алатауы МҰТП флорасындағы бөтентұқымдастар» (Қасымханова Т.Қ., Игембаев С.Б.) атты ғылыми шығарылымдармен таныстыру.
    3.Парк аумағында енгізілген биоалуантүрлілікті қорғау және мониторинг жүргізу саласындағы ақпараттық Smart жүйесінің 2021-2022 ж. нәтижелері туралы.
    «Қорғауды қажет ететін өсімдіктер» басылымымен ғылым бөлімінің басшысы Қасымханова Т. Таныстырды.
    Анықтамалықта парк аумағында сирек кездесетін, эндемикалық, реликт өсімдіктердің тізімі, қысқаша сипаттамасы, қорғау мәртебесі, олардың жағдайы, парк аумағында таралуы туралы мәліметтер, сондай-ақ шығарылмда олардың фотосуреттері келтірілген.
    «Жоңғар-Алатауы МҰТП флорасындағы бөтентұқымдастар» басылымымен аға ғылыми қызметкер Игембаев С. таныстырды.
    Бұл басылымда Жоңғар-Алатауы МҰТП-нің аумағында кездесетін бөтентұқымдастарға сипаттама олардың паркте таралуы, экологиялық жағдайы, интродуценттердің тарихына шолу туралы мәліметтер келтірілген, одан әрі зерттеудің маңыздылығы негізделеді.
    Парк аумағында енгізілген биоалуантүрлілікті қорғау және мониторинг жүргізу саласындағы инспекторлық құрамның SMART-пен жұмысы жөнінде, 2021-2022ж атқарған жұмыс нәтижелері туралы парктің смарт маманы Ж.Молдахан баяндады.
    ҒТК қорытындысымен ҚАУЛЫ ЕТТІ:
    • «Қорғауға қажет ететін өсімдіктер», «Жоңғар-Алатауы МҰТП флорасындағы бөтентұқымдастар» атты шығарылымдар мақұлдансын және баспаға берілуі қараастырылысын.
    • Мемлекеттік инспекторлар құрамна Smartпен жұмыстарды атқару туралы жүргізілетін оқулықтар мен семинарлардың бағдарламасы құрастырылып беітілсін.
    • Мемлекеттік инспекторлық құрамның табиғи кешендерді бақылау журналдарының толтырылуы, осы деректердің Smartпен үйлестіру іс-шараларының нақты орындалуы филиал басшылары, орманшылар және ғылым бөлімінің ғылыми мамандарының қатаң бақылауына алынсын.
    • Мемлекеттік инспекторлар құрамының Smartпен атқарылған қызметтерін рейтингтік бағалау шкаласы құрастырылып нәтижесі қортындылансын.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған