Skip to content
Басты бет » Жаңалықтар » Мемлекет басшысының Жетісу облысына жұмыс сапары

Мемлекет басшысының Жетісу облысына жұмыс сапары

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев “Жетісу” облысына жұмыс сапары барысында туризм саласының қарқынды дамуына, әсіресе экологиялық және тау туризміне ерекше көңіл бөлу қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, туризм индустриясын дамыту мәселелері бойынша облыс әкімдігіне тиісті тапсырмалар берілді.
Маңызды тапсырмалардың бірі: «Жетісудағы ұлттық парктерде құны 3 миллиард теңгеден астам инвестициялық жобалар жүзеге асырылмақ. Мұнда Орталық Азиядағы ең биік «Бұрхан бұлақ» сарқырамасына сай ішімен баратын жол салынады»,- деді Мемлекет басшысы.
Егер Сіз осы тапсырмаларды және туризм саласындағы өзге де жобаларды іске асыру процестері, сонымен қатар облыстық соңғы оқиғалар бойынша хабардар болғыңыз келсе, «Жетісу» Туристік ақпараттық орталығының @zhetysutravel Instagram парақшасына жазылуыңызды сұраймыз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған