Skip to content
Басты бет » Жаңалықтар » Туризм бөлімі

Туризм бөлімі

РЕКРЕАЦИЯ, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АҒАРТУ ЖӘНЕ ТУРИЗМ БӨЛІМІ

Рекреация, экологиялық ағарту және туризм бөлімі 7 адамнан тұрады: бөлім басшысы, 3 туризм жөніндегі маман, 2 эколог ағартушы, 1 мұражай меңгерушісі. Экологиялық туризмді дамыту бірлескен қызмет туралы шарттар негізінде тікелей парктің де, туроператорлар мен қоғамдық бірлестіктердің де реттелетін туристік және рекреациялық қызмет түрінде жүзеге асырылатын Жоңғар-Алатау ұлттық паркінің басым бағыттарының бірі болып табылады.

БӨЛІМНІҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ:

 1. Халықты экологиялық ағарту бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру. Кадрларды оқыту бағдарламаларына қатысу, бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-сайттарда сөз сөйлеу, мекемелерде дәрістер, сабақтар, әңгімелер өткізу, қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау, мектеп орманшылығы. Семинарларға, конференцияларға, табиғат қорғау акцияларына, мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысу және өткізу. Буклеттер, жолсілтемелер, каталогтар, альбомдар, ақпараттық қалқандар, аншлагтар, көрсеткіштер әзірлеу және шығару.

2. Басқарманың бекітілген паспорты мен жоспарына сәйкес паркте экологиялық ағарту, туризмді перспективалық дамыту бағдарламаларын әзірлеу.

3. Демалыс алаңдарын, кемпингтерді абаттандыруды жоспарлау.

4. Бірыңғай туристік өнімді жасау бойынша туристік фирмалармен, мекемелермен, жер пайдаланушылармен өзара іс-қимыл жасау. Туризм және демалыс бойынша парктің қызметтері мен мүмкіндіктерін БАҚ-та, интернет-сайттарда жарнамалау, туристік көрмелерге қатысу.

Рекреация, экологиялық ағарту және туризм бөлімі басшысының м.а – Сағынғалиева Ботагоз Жанатовна

Экологиялық ағарту инженері – Вихрова Елена Викторовна

Рекреация және туризм инженері – Мақсутов Әділет  Маратұлы

Рекреация және туризм инженері – Муханов Нарул Сабитович

Мұражай басқарушышы – Канафин Бахтияр Нургазыевич

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.