Skip to content
Басты бет » Жаңалықтар » ИНЖЕНЕР ЭКОЛОГ

ИНЖЕНЕР ЭКОЛОГ

ИНЖЕНЕР ЭКОЛОГ-УНЕРБЕКОВА МЕРУЕРТ СЕРИКОВНА

Ұлттық парк аумағынан қатты тұрмыстық және қауіпті қалдықтарды шығаруға келісім-шарт жасайды және уақытылы шығаруға бақылау жасайды. Жоңғар Алатауы МҰТП аумағында экологиялық қауіпсіздік нормаларының сақталуына тексеру жүргізеді. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралардың орындалуы туралы белгіленген нысандағы есептілікті жасайды, ҚОӘБ жобаларын дайындайды, эмиссияға рұқсат алады. 2-ТП және 4-ОС есебін жасау және тапсыру. Қоршаған ортаға ластаушы заттардың эмиссиялары бойынша декларациялардың тоқсандық есептерін тапсырады. Экологиялық қауіпсіздік нормаларының және табиғат қорғау заңнамасының бұзылуы туралы хаттамаларды және өзге де құжаттаманы тексереді. Белгіленген экологиялық қауіпсіздік нормаларының, күзет режимінің, ағаш кесу, жанама пайдалану ережелерінің, өрт қауіпсіздігі мен санитарлық ережелердің, экологиялық заңнаманың сақталуын жүйелі түрде бақылайды. Жоңғар МҰТП-нің атмосфераға, топыраққа және су ортасына зиянды шығарындылар мен ластаушы заттардың нормалары мен нормативтерінің жай-күйін бақылауды жүзеге асырады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған