Skip to content
Басты бет » Жаңалықтар » Біздің тарифтер 2022

Біздің тарифтер 2022

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Орман шаруашылығы және жануарлар
дүниесі комитеті төрағасының
міндетін атқарушының
2017 жылғы 31 мамырдағы
№ 17-1/158 бұйрығына
17-қосымша

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Жоңғар Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі ұсынатын қызметтер тарифтерінің мөлшерлері

      Ескерту. Мөлшерлерге өзгерістер енгізілді – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының м.а. 20.06.2019 № 17-5-6/151 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Ұсынылатын қызметтердің атауыҚызметтер үшін тарифтер, (теңге)
123
1Туристік соқпақтар, тамашалау алаңдарын, демалу алаңқайларын ұсыну, он адамға дейін бір топ, күніне500
2Шатырлы лагерьлер немесе оларды орналастыру үшін орындар ұсыну, бір шаршы метр, бір күнге1050
3Көлікке арналған тұрақтар ұсыну, бір орын, тәулігіне400
4Мемлекеттік табиғи-қорық қоры, табиғи және тарихи-мәдени мұра объектілерінде болу және оларды зерделеу кезінде мынадай қызметтер ұсыну, он бес адамға дейінгі бір топқа күніне:
аудармашы
экскурсия жүргізуші
жолсерік-инспектор
4000
4626
2500
5Туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттарда жеке және заңды тұлғалармен жасалатын бірлескен қызмет туралы шарттар бойынша қызмет көрсету6004
6Көлік (трактор) қызметтерін ұсыну, бір сағатқа3 200
7Жүк көтергіштігі алты тоннадан аспайтын көлік (жүк көлігінің) қызметін ұсыну, бір километр125
8Жүк көтергіштігі алты тоннадан аспайтын көлік (жүк көлігінің) қызметін ұсыну, бір километр100
9Көлік (11 орынды шағын автобус) қызметтерін ұсыну, бір сағатқа3000
10Табиғи-қорық қоры, табиғи және мәдени мұра объектілерінде, табиғат мұражайлары мен жанды мүйістерде болу және оларды зерделеу кезінде кино, бейне және фото таспаларына түсiруді (кәсіби) жүргізу, бір күнге5000
11Қонақүй нөмірлерін ұсыну, бір адамға тәулігіне2000
12Мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектілер (монша) ұсыну, бір адамға бір сағатқа654

      Ескертпе: 1, 2, 3, 4-тармақта аталған қызметтер үшін мынадай жеңілдіктер қарастырылады

мектеп жасына дейінгі балаларға (жеті жасқа дейін) – тегін;

мектеп жасындағы балаларға (жеті жастан және одан ересек) – 50 пайыз мөлшерінде;

      күндізгі оқу бөлімінің студенттеріне – 25 пайыз мөлшерінде;

      мүмкіндігі шектеулі азаматтардан төлемақы алынбайды

 табиғат қорғау мекемесімен шартқа отырған туристік компаниялардың туристік топтарды ертіп жүретін қызметкерлері табиғат қорғау мекемесінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлемейді (бір ертіп жүретін адамға 20 туристен аспауы тиіс және бір жүргізуші).

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған