Skip to content
Басты бет » ҰЛТТЫҚ ПАРКТІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

ҰЛТТЫҚ ПАРКТІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

«Жоңғар Алатауы» МҰТП саяхат кезінде бірегей ландшафттарды көруге болады. Альпілік шалғындар, дала, ормандар, Мәңгілік қармен жабылған мұздықтар шыңы, мұның бәрі біздің парк аумағында!

Жоңғар Алатауының інжу-маржаны ретінде теңіз деңгейінен 1630 метр биіктікте, Лепсинск елді мекенінің жанында орналасқан көркем Жасылкөл көлін санауға болады, көлемі өте үлкен , ауданы шамамен 100 га, тереңдігі 90 метр. Көл, жер сілкінісі нәтижесінде пайда болды, тас көшкіні Ағынықатты өзенінің арнасын табиғи бөгетпен жауып тастады. Көктемгі-жазғы кезеңде көлдің суы лайлы, өйткені көлді қоректендіретін бұлақтар Жоңғар Алатауы мұздықтарынан бастау алады. Мұздықтардың еруі тоқтағаннан кейін су мөлдір көкке айналады. Айта кетерлік жайт, Жасылкөл көлінің ауданы – маралдардың үлкен популяциясының мекендейтін орны. Маршрут субальпілік шалғындар арқылы өтеді, мұндағы саяхат – бұл тың табиғаттың құшағына барып, сиқырлы көріністерді тамашалауға тамаша мүмкіндік.