Skip to content
Басты бет » Біз туралы

Біз туралы

Қабиев Марат Нұрғазыұлы

Қабиев Марат Нұрғазыұлы

Бас директор

ЕРЖАНОВ СЕРИК МОЛДАЖАРОВИЧ

Бас директордың орынбасары

АКЫЛБАЕВ КУАНЫШ СЕРИКБОЛОВИЧ

Бас директордың ғылым жөніндегі орынбасары

Құрылыу тарихы

    «Жоңғар Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы №370 қаулысы бойынша 2010 жылы 30 сәуірінде құрылған. Жоңғар Алатауы МҰТП әкімшілік тұрғыдан алғанда Алматы облысының Ақсу, Алакөл және Сарқан аудандарын қамтиды, жалпы жер көлемі 356022 га оның ішінде қаумалдардың ауданы 283900 га. Парк құрамында 3 филиал – Сарқан, Лепсі, Алакөл филиалдары мен Лепсі, Тоқты мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қаумалдары орналасқан. Парк Жетісу Алатауының солтүстік жотасының батысынан шығысына дейін 300 км созылып жатыр. Теңіз деңгейінен 4622 м биіктікте Семенов-Тянь-Шанский шыңы орналасқан.
    Жоңғар Алатауы МҰТП экологиялық, мәдени, тарихи және эстетикалық құндылығы жоғары табиғи таулы ландшафттарды өз қалпында сақтап қалу мақсатында құрылған. Табиғи саябақтың басты мақсаты- Жетісу Алатауының орталық аймағының солтүстік тау беткейлерінің экожүйесін сақтап қалу, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу мен өзгерген экожүйені қалпына келтіру.
Парк аумағының 1,05 пайызын Сиверс алмасының жабайы жемісті орманы алып жатыр. Сиверс алмасы барлық мәдени алма сорттарының арғы тегі болып табылады және ғаламдық маңызы бар жемісті ормандардың бірегей агробиоалуантүрлілігін сақтап қалып, өсімін молайту үшін ерекше қорғауды талап етеді.

ТАБИҒАТ МҰРАЖАЙЫ

   Жоңғар – Алатауы ұлттық паркінің табиғат мұражайы өзіндік ерекшелігімен көзге түсетін паркіміздің әсемде табиғаттың сұлулығын, флорасы мен фаунасының өкілдері, сондай-ақ сирек кездесетін және ерекше қорғауға мұқтаж жануарлар мен өсімдіктер туралы ақпарат береді. Сарқырап аққан өзен көлдермен тұнып тұрған мөлдір бұлақтардың сурет бейнесін көруге болады. Кіші Басқан, Үлкен Басқан, Сарқан өзендері Балқаш көліне құятын жеті өзеннің санына қосылатын Лепсі, Ақсу өзендерінің бастау алып шығатын жері дес осы ұлттық парк аймағында орналасқан. Ал тұнықтығы көз жасындай сылдырлаған кәусар бұлақтардың саны ешқандай адам айта алмас. Шіркін осы бұлақтың суын бір ішшеңіз шөліңіз қанып, көңіл күйіңіз көтеріліп қала береді. Ал жерінің құнарына келсек, қара топырақты өте құнарлы екенін ел – жұрттың бәрі біледі. Сондай – ақ, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктер мен жануарларға арналған стендтер бар. Осындай ортада өскен өсімдік дүниесіне өте бай, сан алуан. Шипалық емдік қасиеті бар өсімдіктердің өзін түгендеп айтуға қиынға соғатыны сөзсіз. Қайың, долана, марал тамыры, қарақат, мойыл, таңқурай, тағы басқалары паркіміздің әрін де сәнін келтіріп тұр. Шыңында Алатаудың ақиығы атанған бүркіт, қаршыға бар. Құмай күшіген, тазқара сияқты тазалықшы құстары да бар. Ұлы таудың ұлары, кекілік, кептерлердің сан алуан түрлері кездеседі.

   Мұражайда Жоңғар – Алатауының биоалуантүрлілігі туралы көп мағлұмат алуға болады. Алма ағашының түпкі атасы болып табылатын жабайы Сиверс алмаағашыда осы парктің аумағында (8000 га жуық)жабайы жемісті орман алқабын қамтиды. Атап айтқанда, бүкіл әлемдік маңызы зор Сиверс алмасы жабайы алмаларды зерттеген А.Ж Жангалиевтің өмірбаяны, ғылыми жолдары баяндалған. Парктің жабайы жемісті ормандары генетикалық ресурстардың ғаламдық табиғи қоймасы болғандықтан, әлемдік және ұлттық байлығы болып табылады. Сиверс алма ағашының ғылыми атауы 1827 жылы ең алғаш рет осы алма ағашы туралы баяндаған Санкт – Петербург дәріханашысы Иоани Сиверс атымен аталған. Кейінірек 1929 жылы орыстың ғалымы Н. Вавилов өзінің Орталық Азияда жүргізген экспедициясы барысында Қазақстанның оңтүстік батысын ішкі алуантүрлілікті сұрыптауға қолайлы жабайы алма мен өрік ағашының тектік қоры орналасқанын сипаттаған. Кейінірек осы болжам Қазақстан ғалымы академик жабайы алманың тұқымдық түрлерін зерттеудің ұлы тұлғасы А. Джангалиевтің шетелдік ғалымдарының көп жылдық орасан зор еңбектерінің арқасында дәлелденді. Алманың алғаш шыққан жері Орта Азияның таулы аймағы екені 1978 жылы Мәскеуде өткен Халықаралық генетикалық конгресте алғаш рет жарияланды. Жоңғар – Алатауында 1200 – 1500 м теңіз деңгейінен биітігінде кездеседі. Биігінде қар жамылған, мәңгі мұзы бар; Тянь – Шянь шыңы, Ақшұғанақ шыңдары асқақтап тұр. Ақырын ағып, мүйізі қарағайдай маралы, тасында тау текесі, шаңқылдап тұрған суыры, сілеусін елік, қасқыр, тиін, қар барысыда бар. Парк мұражайында фото және бейне материалдар жинақталған. Бұл қайталанбас кадрлар адамның тіршілік әрекетінің табиғи ағымында өрескел араласпастан алынған жануарлардың өмірі туралы құнды ақпарат береді. Сонымен қатар мұражай қабырғасында паркіміздің экологиялық бағыттары туристік маршруттармен танысуға болады. Табиғат мұражайы ұлттық парктің табиғатын, аймақтың тарихын айшықтайтын құжаттарымен, құс және сүтқоректілер, құс ұялары мен жұмыртқалары, тұяқты жануарлардың мүйіздері, тұлыптар, терілер,минералдар үлгілері, өсімдіктер тұқымдары, ағаш өсіру кесінділері мен дәрілік өсімдіктерінің гербарилері экспозицияларының коллекциялары жинақталынып, олар парктің қызметкерлерімен үнемі толықтырылып отырады. Табиғат мұражайына келушілер Жоңғар – Алатауы ұлттық паркі туралы қызықты ақпаратты білуге, сондай-ақ фото және бейне экспозицияларды өткізуге мүмкіндігі бар. Мұражайға тек оқушылар мен студенттер ғана емес, сонымен қатар әр түрлі жастағы және түрлі қызушылық танытқан азаматтар да шақырылады. Парк қызметкерлері мұражай бойынша қызықты экскурсиялар өткізеді. Дәрісті өткізу кезінде адамдардың жаңа нәрселерді тануға, соның ішінде қоршаған ортаны зерттеуге деген қызығушылығының көрінісімен, саналы ұрпағымызға экологиялық тәрбиені дәріптеу болып көрінеді. Мұражаймен танысқаннан кейін көбінде паркке баруға, Жоңғар Алатауының табиғи алуан түрлілігі туралы көбірек білу қызығушылық туындайды. Осы аталғандардың барлығы біздің баға жетпес байлығымыз, ата – бабадан біздерге қалған асыл мұрамыз. Осы табиғат байлықтарын келешек ұрпаққа қаз қалпында сақтау барша тіршілік иесінің ең маңызды міндеті.

Мұражай бойынша экскурсияларды «Ғылым, мониторинг және ақпарат», «Рекреация, экологиялық ағарту және туризм» бөлімінің мамандары жұмыс күндері 08:30 ден – 18:00 ге дейін өткізеді.

Түскі үзіліс сағат 12:30 – ден 14:00 ге дейін.

Демалыс күндері: сенбі – жексенбі.

Мұражайға бару үшін төлем алынбайды.

Біздің мекен – жайымыз:

Сарқан қаласы, Арычная көшесі – 74 үй.

Телефон анықтамалары:

8/72839/2-19-23 8/72839/2-12-01