Skip to content

Экскурсия жүргізілді

“Жоңғар-Алатауы МҰТП” экологиялық инженерлерінің ұйымдастыруымен “Парктер шеруі-2024” халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында Абай атындағы орта мектеп-гимназияның 1 сынып оқушыларына оқу экскурсиясы жүргізілді. Экскурсия барысында оқушылар ұлттық парктің табиғи, тарихи жерлерімен танысты. Қатысушылардың саны —65 оқушы. #парктершеруі2024☘️

“Табиғат- тал бесігін”атты шығармашылық байқауы өткізілді

“Парктер шеруі-2024”табиғатты қорғау акциясы аясында 24 мамыр күні Ақжар ауылдық мәдениет үйінде “Жоңғар Алатауы МҰТП” РММ Алакөл филиалының ұйымдастыруымен “Табиғат- тал бесігін”атты шығармашылық байқауы өткізілді. Байқауға Қабанбай ауылындағы О.Молдағожин, М.Жумабаев атындағы мектеп оқушылары, Екпінді ауылының М.Әубәкіров атындағы орта мектебінің оқушылары… Read More »“Табиғат- тал бесігін”атты шығармашылық байқауы өткізілді

Далалық іс сапар

15 мамырда Ғылым бөлімінің ғылыми қызметкерлері Ж. Нургожанова, Қ. Балтабеков, В. Сағындыкова және С. Иманғали бірлесіп Сарқан филиалы Тополевка орманшылығындағы Осиновая және Шолақжота шатқалдарына далалық іс сапар атқарды. Іс сапар мақсаты Табиғат жылнамасына керекті далалық материалдар жинау болды.

Марал

📍«Жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молайту» бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың мамыр айының 15-нен шілде айының 15-не дейінгі аралықта «Маралдың мүйізі өсу кезінде мекендейтін алқаптарын қасақылықтан қорғау» бойынша «Жоңғар Алатауы» МҰТП аумағында рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылуда. Осыған орай браконьерлік фактілері… Read More »Марал

Төменгі Жасылкөл

Біздің Қазақстанда да сұлулығы жағынан атақты Альпіден кем болмайтын таңғажайып жер бар. Жасылкөл – керемет таулармен қоршалған тұңғиықтай мөлдір көл😍🏞️ Video by: @19_region

Саңырауқұлақтар

Паразиттік саңырауқұлақтар өсімдіктерді зақымдайды, бұл өсімдіктердің әлсіреуіне, ағаштардың өлуіне, орман және ауыл шаруашылығына айтарлықтай зиян келтіреді. Фитопатогенді саңырауқұлақтардың көпшілігінде мицелий тамырдың, сабақтың, жапырақтың және жемістің ұлпаларында, ал кейбіреулерінде иесі өсімдіктердің мүшелерінің бетінде дамиды. Ағаштардың ең танымал және кең таралған саңырауқұлақтары… Read More »Саңырауқұлақтар

Қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді

“Жоңғар – Алатауы МҰТП” РММ Лепсі филиалының қызметкерлері “Жалаңаш” орманшы үйінің аумағында ақпараттық тақтайшаларды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. #Лепсіфилиалы

Дәріс-сабақ өткізілді

«Жоңғар-Алатауы МҰТП» Лепсі филиалының қызметкерлері “Парктер шеруі” акциясы аясында Байзерек орта мектебінің жоғары және кіші сынып оқушыларына өрт қауіпсіздігі, табиғатқа бару ережелерін сақтау, Лепсі ауданының өсімдіктері мен жануарлары туралы дәріс-сабақтарын өткізді. Іс-шараның мақсаты – табиғатты аялау, өрт қауіпсіздігін сақтау, ұлттық… Read More »Дәріс-сабақ өткізілді

18 мамыр – Халықаралық мұражай күні

Халықаралық мұражай күні 1978 жылы Халықаралық мұражайлар Кеңесінің ХІІ Бас Ассамблеясының шешімімен жарияланды. Бұл мереке жыл сайын 150-ден астам елде атап өтіледі. Бұл күні мұражайларда ашық есік күні өтеді, сол күні келушілер барлық көрме мен экспозицияларды тамашалай алады. Қазақстанда 200-ден… Read More »18 мамыр – Халықаралық мұражай күні