Құрметті Сарқан, Алакөл, Ақсу аудандарының тұрғындары
«Жоңғар Алатауы» МҰТП РММ -сінде, 2023 жылдан бастап жанама пайдалану қызметі бойынша орман билеттерін жазып беру «Е-лицензиялау» электрондық порталына көшірілетінін хабарлайды.
«Е-лицензиялау» порталында «Қоршаған ортаны қорғау» – «Ағаш кесу және орман билетін беру» қызметтер санаттары бойынша салық басқармасына орман пайдалануға (КБК-105304, ЕҚТА аумағында болу КБК-105313) төлем ақы өткен соң ЭЦҚ кілті арқылы өтінімді беруге болады.
Осыған байланысты орман пайдаланушылардың жанама пайдалануға бос жер учаскелерін нақтылау және орман пайдалану көлемі бойынша төлемақыны есептеу үшін мекемеге келуі қажет. Өзімен бірге: жеке куәлік, ЭЦҚ кілті.(жинақтаушы флешкада).