Skip to content
Басты бет » Ғылыми еңбектер жинағы

Ғылыми еңбектер жинағы

Бұл басылымда соңғы 60-70 жылдарда табиғи экожүйелерге енгізілген Жоңғар-Алатауы МҰТП жабайы жеміс ормандарындағы интродукциялар мен орман екпелерінің таралуы, экологиялық бәсекелестігі туралы шолу мен мәліметтер келтірілген. Сиверс алма ағашының жабайы жеміс ормандарының табиғи таралу ортасын сақтау бойынша одан әрі зерттеудің маңыздылығы негізделеді.

Басылымда Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында таралған папоротниктер, қырықбуындар, ағаш, бұта және шөптесін өсімдіктердің фотосуреттері және сипаттамасы берілген. Бұл басылым табиғатты қорғау мекемелері қызметкерлері, ғылыми қызметкерлер және табиғатты сүйетін барлық қауымға және туристерге маңызды құрал.

Кітапта Жоңғар-Алатауы МҰТП сүтқоректілерінің таралуы, саны, биологиясы туралы деректер көрсетілген. Авторлардың материалдары, әдебиеттерден және ұлттық парк аумағында жүргізілген зерттеу нәтижелері қолданылды. Кітап зоологтарға, табиғатты қорғау мекемелерінің қызметкерлеріне және барлық табиғатқа жанашыр адамдарға арналған.

Кітапта Жоңғар – Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ғылым бөлімінің жәндіктер фаунасы бойынша зерттеу нәтижелері келтірілген. Онда аймақтағы барлық жәндіктер топтарының түр құрамы, экологиялық және биологиялық қасиеттері және экономикалық маңызы туралы қысқаша мәліметтер келтірілген. Кітап энтомологтарға, экологтарға, биологиялық әртүрлілікті сақтау және пайдалану мәселелерімен айналысатын мамандарға, биоәртүрлілік жағдайына мониторинг жүргізетін қорықтар мен басқа да ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мамандарына арналған.